Республикалық пән олимпиада жүлдегерлерінің облыстық шеруі 2024
05.06.2024 жылы Қостанай қаласында қалалық балалар шығармашылығы мектебінде Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жеңімпаздары және жобалар конкурсының жүлдегерлерінің облыстық шеруі өтті. Шеруге қаламыздан үш оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан 10 "А" сынып оқушысы, республикалық олимпиада жүлдегері Тойлыбай Гаухар қатысып, мақтау қағазы және қаржылай сыйлыққа ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Канапина Г.О. алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!