oC

11 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушылары үшін  А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі  елдің тілегі»  атты  кездесу кеші өткізілді. Кездесуге А.Құнанбаев атындағы № 6 орта мектеп түлегі  Сәбитбек Болыс Мәжитұлы  келді.

Болыс Мажитұлы  2008 жылы мектепті тәмәмдап Англиядағы королева Мария атындағы Лондон университетіне оқуға түсіп сол университеттің түлегі атанды. Қазіргі таңда  сол университетте  математикадан ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады.

Іс-шара барысында Болыс Мажитұлымен  сұхбат   жүргізілді Арқалықтағы балалық шағы, мектеп қабырғасындағы қуанышты жылдар, Англия еліне қалай барғаны, ол жаққа баруға не себеп болғаны, Лондандағы өмірі туралы айтып өз ойымен бөлісіп отырды. Аталған іс-шараның әсері білім алушылар үшін өте тамаша болды. Болашақ мамандықтары бойынша да бағыт бағдар берілді.