oC

19-23 қыркүйек аралығында Қостанай облысы, Қарабалық ауданында ХХХVII Спартакиадасы болып өтті. Спартакиадаға мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Оразбаев Наурыз қазақтың ұлттық ойындары асық атудан,  бастауыш сынып мұғалімі Катешова Нұргүл Таңатханқызы тоғызқұмалақтан Арқалық қаласының намысын қорғап командалық  жүлделі ІІ-ші орынға ие болды. Сонымен қатар оқушыларымыз да құр қол қайтқан жоқ,  ер балалар арасындағы командалық тоғызқұмалақ ойынында  Малдыбай Әділет жүлделі ІІІ-ші орынды қанжығасына байлап келді.