oC

"Қазақ тілін оқыту мәселелері және жаңаша көзқарас" қазақ тілі мамандары үшін қалалық іс-тәжірибелік семинар

 

 

Ағымдағы жылдың 20-шы қыркүйегінде "Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Қазақ тілін оқыту мәселелері және жаңаша көзқарас" тақырыбында қазақ тілі мамандары үшін қалалық іс-тәжірибелік семинары өтті. Семинарға мектеп-гимназиямыздан қазақ тілі мұғалімі Түгел Айдана Мейрамқызы қатысып, оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдаланудағы өз тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатқа ие болды.