oC

Президенттік олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңі

 

2024 жылдың 8 қазанында Қостанай қаласында жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың І кезеңі өтті. Іріктеу кезеңіне қаламыздан 8 оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан 11 «А» сынып оқушысы Байғара Акзере, 11 «Б» сынып оқушысы Аментай Жұлдыз қатысты. Олимпиада  математика, химия, биология, физика пәндерінен тест жұмыстарын орындаудан тұрды. Іріктеу қорытындысы бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Аментай Жұлдыз 2 кезеңге жолдама алды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Косбергенова А.К.