08.10. 2024 жылы Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Арқалық қаласы қосымша білім беру арталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: орта білім беру ұйымдары білім алушыларына қазақ халқының мәдениетін, төл әдебиетін кеңінен насихаттау, медиасауаттылыққа баулу, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау мен тарату. Байқау «Қылқалам шебері», «Сөз майталманы», «Жыр жауһары» атты үш кезеңнен тұрды. Сайысқа қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің 2-10 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан «Жыр жауһары» номинациясы бойынша 5 оқушы, «Қылқалам шебері» номинациясы бойынша 2 оқушы, «Сөз майталманы» номинациясы бойынша 1 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша "Жыр жауһары" номинациясы бойынша Сәндібек Абдурахман 3 «Г» сынып оқушысы 1орын. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенкулова М.У. 6 «А» сынып оқушысы Түгел Мадина 1 орын. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Канапина Г.О. 5 «Г» сынып оқушысы Берікқызы Інжу 2 орын. Жетекшісі Забихолла Н. 9 «Б» сынып оқушысы Ерғазина Балым 2 орын. Жетекшісі Түгел А.М. «Қылқалам шебері» номинациясы бойынша 4 «Б» сынып оқушысы Хамидолла Әмина 3 орын. Жетекшісі Жаканова А.У. 7 «Б» сынып Мешітбай Айару 2 орын. Жетекшісі Уахит М.С. «Сөз майталманы» номинациясы бойынша 2 «Г» сынып оқушысы Қабылахат Азамат 1 орын. Жетекшісі Қапсалықова С.Қ.