11.10.2024 жылы мектеп-гимназиямызда директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Н.Л. ұйымдастыруымен «Жасанды интелекті білім саласында қолдану-уақыт талабы» тақырыбында мектеп ұстаздарына арналған семинар-практикум өтті. Семинар-практиаумның мақсаты: Сабақ процесінде жасанды интелекті қолдануды үйрету.
Семинар-практикум төрт секцияға бөлініп өтті.
- Қазақ тілі, адам және қоғам, көркем еңбек және музыка бірлестігі
- Ағылшын тілі, орыс тілі және дене шынықтыру бірлестігі
- Математика-информатика және жаратылыстану бірлестігі
- Бастауыш сынып бірлестігі
Әр секция бойынша бөлінген ұстаздар жасанды интелект жайлы мәлемет беріп, өз тәжірибелерінде қолданып жүрген жасанды интелект түрлерімен таныстырып, практикалық жұмыстар жүргізді. 1 секция бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Канапина Г.О., Түгел А.М. 2 секция бойынша ағылшын тілі пән мұғалімі Жаңабай И.С. 3 секция бойынша математика пән мұғалімі Баяхметова К.Б. 4 секция бойынша бастауыш сынып мұғалімі Катешова Н.Т. бөлісті. Семинар-практикумға қатысқан ұстаздар тағыда бір жаңа инновациялық идеялармен өз әдістемелік қоржындарын толықтырып алып кетті.