oC

10-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

 

16.10.2024 жылы Республикалық VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша ерекші қабілетті оқушыларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және пеадагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда  ойлауға, күрделі есептерід шешуге дағдыландыру. Мектепішілік кезеңге 10-11 сынып оқушыларынан барлығы 18 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысын тексеру үшін мектеп ұстаздарынан 5 әділқазы құрамы бекітілді. Олимпиада сағат 10:00 де басталып, 11:00 де аяқталды.  Олимпиада бір сағат көлемінде өтті. Оқушыларға жалпы 20 есеп берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 сыныптар бойынша 1 орын 10 «А» сынып оқушысы Рамазан Тоғжан, 2 орын 10 «А» сынып оқушысы Батырқан Бақыт. Жетекшісі математика пән мұғалімі Кикишева А.М. ІІІ орын  10 «Б» сынып оқушысы Қуанышбек Назгүл  және   10 «В» сынып оқушысы Шашубай Ақерке ие болды. Жетекшілері: Косбергенова А.К. Баяхметова К.Б. 11 сыныптар бойынша 2 орын 11 «В» сынып оқушысы Тұрсынбек Гүлім. Жетекшісі Баяхметова К.Б. 11 «Б» сынып оқушысы Нұрсұлтан Гүлім. Жетекшісі Косбергенова А.К. Мектепшілік кезеңнен жоғарғы балл алған  Рамазан Т, Батырқан Б, Нұрсұлтан Г, Тұрсынбек Г, Шашубай А қалалық кезеңге жолдама алды.