Арқалық қаласы білім беру мекемелері арасында 25- қазан Республика күніне орай Б.Майлин атындағы №3 мектептің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында ерлер және әйелдерден құралған командалармен волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа қала және ауыл мектептерінен 12 команда бақ сынасты. А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямыздың команда құрамы:
- Мағауов Ерболат
- Байболов Таскын
- Шалабаев Даулет
- Аргынбеков Болат
- Тұрғанбек Исламбек
- Дүйсенов Қуандық
- Тәкілова Гүлнұр
- Забихолла Назерке
Барлық ойындар тартысты да, қызыққа толы өтті. Комендалар өте жоғарғы дайындықпен келеген. Нәтижесінде мектеп – гимназиямыздың ұстаздары жүлделі 3- орынды иеленіп, мадақтама қағазы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Команда құрамындағы Даулет Асанханович «үздік ойыншы» номинациясын иеленді.
Мұғалімдерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, салауатты өмір салтын насихаттайтын осындай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба берсін!
Мағауов Ерболат Абайұлы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі