«Ханзада мен ханшайым» күзгі бал байқауы
2024 жылдың 18 қазан күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Ханзада мен ханшайым» күзгі бал байқауы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың арасынан күз ханшайымы және күз ханзадасын анықтау, оқушылардың көркем-эстетикалық талғамын дамыту, тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.
Байқаудың шарты бойынша қатысушыларымыз 5 кезеңге қатысты.
1 - кезең: «Кел танысайық» (жұптар өздерін таныстырады)
2 - кезең: «Ханзадамен ханшайым күзгі әзірлемесі». Үй тапсырмасы (жұптар бірігіп салат жасайды).Бірігіп салат жасаған видеосы міндетті түрде көрсетілу керек.
3 - кезең: «Фэнтази» сұлулық сыры (қолда бар материалдан киім үлгісі. Пакет, қағаз, пластик т.б.заттарды қолдануға болады)
4 - кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі» (әртүрлі жанырда өнер көрсетеді)
5-кезең: Күзгі бал вальсі
Ханзада мен ханшайым -2024” байқауына жоғарғы 8-10 сынып оқушылары белсене қатысып,берілген кезеңдерде шебер өнерлерін көрсете білді.
Байқауда: Бас жүлде, яғни “Ханзада мен ханшайым 2024” атағын 10 В сыныбы, 1- орынды 9 А сыныбы, 2- орынды 9 Б сыныбы, 3- орынды 8 В сыныбы жеңіп алса, басқа қатысушылар номинация бойынша марапатталып, жүлделі орын иелері бағалы сыйлықтармен марапатталды.