25 қазақ Республика күніне арналған іс-шаралар қорытындысы
2024 жылдың 18 қазан мен 24 қазан аралығында 25 қазан Республика күніне арналған апталық өткізілді.
Мақсаты: ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.
Апталық аясында кітапханада «Егеменді елдің енсесі биік» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету болып табылды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Шаяхметов Б.Е. мен Шалабаев Д.А. ұйымдастыруымен 4 сынып оқушылары арасында «Қыран елім-Қазақстаным!» республика күніне арналған «Пионербол» жарысы өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды- 4Б сынып, 2 орынды -4В сынып, 3 орынды-4 Г сынып жеңіп алды. «Жеңіске деген жігері» үшін 4А сыныбы мақсатау қағаздарымен марапатталды.
«Шамшырақ» дебат үйірмесінің жетекшісі Төлендіқызы Қ. ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында «Қазақстан бейбітшілік мекені!» тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойының өткізді.
Сайыскерлеріміз түрлі пәндер бойынша білімін тексере білді, логикалық ойлау мен командалық жұмыс арқылы қабілеті шындалды. Қатысушылар бір-бірімен бәсекелесе отырып, қазіргі заманның мәселелерін талқылап, шешімдер ұсыну арқылы көшбасшылық касиеттерін дамытуға мүмкіндік бере отырып жұмыс жасады.
Балалар мен жасөспірімдердің патриоттық, жалпы мәдени және рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Менің арманымдағы Қазақстан» сурет көрмесі ұйымдастырылды.
1-11 сынып оқушылары арасында 25 қазан Республика күніне орай Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру мақсатында тәрбие сағаттар өткізілді.
Тәрбие сағат барысында оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болуға, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу болып табылды.
Сонымен қатар Республика күніне арналған «Гимн» айту челленджі өткізілді.
Аталған іс-шараларды мән мағынасы мол, алдағы уақытта аталған бағытта іс-шаралар өз жалғсын табады.