11.11.2024 жылы №2 мектеп базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиадаға біздің мектеп-гимназиямыздан 6 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 5 "Г" сынып оқушысы Қалел Нұрбек, 6 "В" сынып оқушысы Тұрғын Ислам І орынға, 6 "Г" сынып оқушысы Өмірбай Аяулым ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Ажибаева А.А. Жақсылық Т.А.