14.10-12.11.2024 жылы аралығында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық "Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі" атты байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты- бастауыш сынып мұғалімдерінің беделін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, инновациялық тәжірибелерді тарату. Байқауға қала және ауыл мектептерінің арасынан 7 мектептің бастауыш сынып ұстаздары қатысты. Байқау екі бөлімнен тұрді. бірінші бөлім - ашық сабақ (өзге мектепке барып сабақ беру), екінші бөлім өзін өзі таныстыру және авторлық жұмыс. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Оралбаева Камшат Өсербайқызы жүлделі ІІ орынға ие болды.