oC

5-6 сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңі

2024 жылдың 14-15 қарашасында №2 мектеп базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға қалалық білім бөліміне қарасты қала және ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтті. Олимпиадаға біздің мектеп-гимназиямыздан 9 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жаратылыстану пәнінен 5 сынып оқушысы Мұханбеткали Даян ІІ орын. Жетекшісі Қонысбай Н.Қ. Ағылшын тілі пәнінен Сафарғалиева Аниса ІІІ орын. Жетекшісі Жаңабай И.С. Қазақстан тарихы пәнінен Берікқызы Інжу ІІ орын. Жетекшісі Булебаева Л. Қазақ тілі пәнінен Ғалымжан Зере ІІІ орын. Жетекшісі Бекенова С.Қ. 6 сыныптар бойынша орыс тілі пәнінен Тұрғын Ислам ІІІ орын. Жетекшісі Турсунбекова А.М. Жеңістеріңіз құтты болсын!