oC

«Бала құқығы-басты құндылық» кездесу

 

2024 жылдың 04 қарашасы мен 04 желтоқсан аралығында  кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу   мақсатында  облыс, қала көлемінде айлық жүргізіліп жатыр. Айлық  шеңберінде  білім алушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасын іске асыру призмасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру  болып табылды.

Айлық шеңберінде 2024 жыдың 25 қараша күні  «Бала құқығы басты құндылық»  тақырыбында 8-9 сынып оқушылары үшін кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі және мектебіміздің  аналар алқасының төрайымы -Жанақбаева Сауле Қабылдақызы. Қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері Бейсенғалиев Ғалымжан Жансалапұлы және Сағындық Нұрлыбек Сағындықұлы.

Арқалық қаласы ішкі істер бөлімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Аханаев Асылхан Сулейменович. Арқалық қаласы полиция басқармасы креминалдық полиция бөлімі аға жедел уәкілі  полиция майоры Ибрагимов Сұлтан Ерболұлы. Арқалық қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Камалиев Азамат Бақыткерейұлы қатысты.

Баланың өсіп өркендейтін мекені отбасы. Баланың тұлға ретінде  қалыптасуында  отбасының  рөлі ерекше екені. Құқық және отбасы  бұл  екі ұғым бір  -бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар қоғамның  дамуы мен  тұрақтылығының  басты негізі- тәртіп.  Тәртіп орнаған жерде  тәрбие,  білім,  әділеттілік пен  бейбіт өмір салтанат құрады.  Сондықтан «Тәртіп –заман талабы» ұғымы, қазіргі қоғамда ерекше өзекті болып саналады деп ой білдірді. Оқушыларымыздың құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бірлесе отырып  үлес қосып ,бала тәрбиесіне байланысты көп деген тәлім тәрбие берілді.

«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп, Бауыржан Момышұлы айтқандай, тәртіпті сақтасақ, заңды құрметтесек, одан ешкім де ұтылмайды.