«Ақбоз ат Мектеп Лигасы - 2024» облыстық шахмат жарысы
«Ақбозат мектеп Лигасы - 2024» 24-28 қараша күндері Лисаковск қаласында 7-8 сыныптар арасындағы шахмат жарысының облыстық кезеңі өткізілді. Облыс көлемінде 18 команда қатысты. Арқалық қаласының намысын, А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямыздың оқушылары қорғады. Бес күнге созылған жарыста, оқушыларымыздың бағы мен бабы қатар шауып, командалық есепте жүлделі 3 – орынды иеленді. Команда құрамындағы ойыншыларымыз:
- Нұрахмет Еділ 8 «А» сыныбы;
- Қуанышбек Айбын 8 «А» сыныбы;
- Әбузар Әділет 7 «Б» сыныбы;
- Исламбек Ажар 8 «А» сыныбы;
Бұл мектеп – гимназиямыз үшін сонымен қатар қаламыз үшінде үлкен жеңіс болып табылады. Шахмат әлеміне жасөспірімдерді баулу , балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытатын спорт түрі. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтай отырып, оқушылардың жарысқа қатынасуына ықпал жасаған ата -аналармен, сынып жетекшілерге алғыс білдіремін! Алдағы жарыстарда тек жүлдемен оралатын, жеңіс дәмін сездірер оқушыларымыз көп болсын!
Мағауов Ерболат Абайұлы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі