oC

Мектебімізде 17.12 – 25.12.24 аралығында «Болашаққа сеніммен» атты психологиялық апталыққа жоспар құрылып, сол жоспарға сәйкес іс - шаралар ұйымдастырылды.  Апталықтың ашылуында оқушылардың көңіл – күйін анықтау мақсатында «Көңіл – күй термометрі» және «Мен саған қуаныш сыйлаймын» атты акция ұйымдастырылды. Оқушыларға берілген ленталар арқылы  бір – біріне таға отырып, өз қуаныштарын білдірді.  Көңіл – күйлерін көтеру, достық қарым – қатынасты нығайту үшін, шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Соңында сергіту сәті ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатыса отырып, қимыл – қозғалыстарды қайталады.

Оқушылармен биле – биле флешмоб,  үзіліс уақытындағы қызықты ойындар ойнатылып, мәре сәре болды.

      Акция «Құшақтау мекені» ұйымдастырылды мақсаты мектеп оқушыларының және педагогтардың арасындағы достық, сыйластық қарым – қатынасты қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тарту болып табылды. Оқушылар белгіленген мекенге барып өз эмоцияларымен, құшақтаса отырып, сезімдерін білдіре, фото суретке түсті. «Дос болайық!» фото алаңы атты фото рамкаға досымен, сынып оқушылары мәре - сәре болып, фото рамканы қолданып суретке түсті.

«Досыңы қоңырау шал» Мектептегі сенім телефон жұмысы туралы толық ақпараттандыру үшін парақшалары таратылды. Мақсаты оқушыларға сенім телефонының тәулік бойы жұмыс жасайтынын, қажет болған жағдайда ғана қоодана отырып, қоңырау шалу.

       Мұғалімдердің әл ауқаттын арттыру үшін, «Біздің эмоциялық әлеміміз!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мұғалімдер өз эмоцияларын ортаға сала отырып, көңілді әрі қызықты ойындарға белсене ат салысты, соңында музыкалық оркестр аяқталды.

       Даярлық мектеп алды сынып оқушыларымен «Менің бақытты отбасым» тақырыбында фото көрме болды.

      Мектеп оқушыларымен «Буллинг дегеніміз не? Және онымен қалай күресуге болады» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен және қалай қорғануға болатын жақтарын қарастырып, пікірлермен алмасты.Оқушылардың қызжығушылықтарын арттыру және достық қарым – қатынасты нығайта отырып, досын құрметтеуге «Досыма сыйлық» атты арт терапия ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің қол өнеріне шыққан сыйлықтарын достарына табыстай алды.

«Мен өмірге қажетпін» атты апталықтын жабылуында белсене ат салысқан оқушыларға мадақтама грамоталары беріліп, тәттілерден таратылды.