oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ кітапханашылары  2025 жылдың 6 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мұғалімдер арасында «Оқы және жең» сайысын өткізді. Сайысқа 8 бірлестік қатысып, өз бақтарын сынады. Сайыс 2 кезеңнен тұрды:

  1. Шығармашылық сәт (көрініс, бейнеролик)

2.Сұрақ-жауап.

Оқуға ұсынылған әдебиеттер:

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі: «БАЛАЛЫҚ  ШАҚҚА САЯХАТ» Б.Соқпақбаев 

Қазақ әдебиеті  әдістемелік бірлестігі : «ҚҰЛАННЫҢ АЖАЛЫ»  А.Нұрманов

Ағылшын әдістемелік бірлестігі:  «ҰШҚАН ҰЯ» Б.Момышұлы

Орыс тілі әдебиеті әдістемелік бірлестігі:  «ЖАБАЙЫ АЛМА»  С.Мұратбеков

Адам және қоғам әдістемелік бірлестігі: «ҚАМАР СҰЛУ»  С.Торайғыров

Дене шынықтыру,көркем еңбек, музыка әдістемелік бірлестігі: «АҚ БОЗ ҮЙ» С.Елубай

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі:  «КӨКСЕРЕК » М.Әуезов

Математика, информатика әдістеме бірлестігі: «ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА»  Қ.Қайсенов

Сайыс нәтижесінде «Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі » бас жүлдеге ие болса, «Қазақ әдебиеті  әдістемелік бірлестігі» мен« Орыс тілі әдебиеті әдістемелік бірлестігі» жүлделі 1 орынды иеленді. Ал «Адам және қоғам әдістемелік бірлестігі» 3 орынды иеленді.

«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн»- демекші, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап - барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.

 

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия кітапханашылары

 Қуанышова Жаңыл Кәкімқызы, Танатқан Асем Қайыржанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия кітапханашылары

 Қуанышова Жаңыл Кәкімқызы, Танатқан Асем Қайыржанқызы