oC

Ерекше білім беру қажеттіктері бар балалармен жұмыс істеуде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында 23 қаңтар күні Арқалық қаласы «Золотой ключик » бөбекжайында ,  А.Құнанбаев атындағы мектеп-гиназиясымен бірлесіп, «Ерекше білім беру қажеттеліктері бар балаларды оқыту мен дамытудың инновациялық әдістері» тақырыбында  қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті.   Семинарға педагог-психологтар және мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері қатысты. А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының инклюзивті рессурстық орталығының мамандары педагог-психолог Маханова Толғанай Жоламанқызы және логопед Рахалиева Гульназ Бахытбековна  «Есту қабілеті- балалардың сөйлеу мен танымдық дамуына әсері» тақырыбында шебер сынып көрсетті.  Қалалық семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен дамыту мәселелері талқыланды.