oC

2025 жылдың 29 қаңтар күні 9-11 сынып ата-аналары үшін «Кәмелетке толмағандар арасында  нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында жалпы

ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты:

Ата-аналарды нашақорлық мәселесімен таныстырып, алдын алу шаралары туралы жағдайларға тап болмауы үшін отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын нығайту болып табылды.

Жиналысқа қатысқан қонақтар.

Арқалық қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Камалиев Азамат Бақыткерейұлы және   полиция басқармасының жедел тобының мамандары Ибрагимов Сұлтан Ерланович, Каиндинов Асхат Бакитжанұлы.

Күн тәртібінде:

  1. «Нашақорлық пен қылмыс арасындағы байланыс»

Арқалық қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Камалиев Азамат Бақыткерейұлы полиция басқармасының жедел тобының мүшелері Ибрагимов Сұлтан Ерланович, Каиндинов Асхат Бакитжанұлы.

  1. «Психологиялық салдарлар:депрессия, паранойя, агрессия»

Мектеп-гимназия медбикесі Альмишева Баян  Галиевна

  1. «Психологиялық терапия: когнитивті мінез-құлық терапиясы»

Мектеп-гимназия  педагог-психологі Мырзагалиева Мақпал Сәрсенбайқызы

 

Қазіргі таңда  қоғамда жасөспірімдер арасында нашақорлық өзекті мәселеге айналып отыр.  Жасөспірімдік кезең- тұлғаның психологиялық, эмоционалдық жағынан қалыптасуындағы ең маңызды әрі осал кезеңі. Бұл уақытта балалар жаңа әсерлерге, тәуелсіздікке, өздерін басқалармен салыстыруға бейім болады. Өкінішке орай, осы кезенде есірткі заттарын қолдануға қызығушылық танытатындар саны артуда. Бұл қоғам үшін үлкен қауіп төндіретін өзекті мәселе. Нашақорлықтық алдын алу- бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның міндеті болып табылады деп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Камалиев Азамат Бақыткерейұлы баяндады.

Нашақолық тек физикалық денсаулыққа ғана емес,  сонымен қатар психикаға да ауыр зардаптар әкеледі. Есірткі заттарының әсері жасөспірімдердің мінез-құлқын, ойлау қабілетін және эмоционалдық салдарлар жиі ұзақмерзімді және қалпына келтіру қиын болатын салдарға әкеледі. Осы тұрғыда  медбике Альмишева Баян  Галиевна баяндады.

Педагог-психолог Мырзагалиева Мақпал Сәрсенбайқызы ата-аналар арасында тренинг өткізіп, нашақорлықпен  күресте психология жағынан когнитивті мінез-құлық терапиясы жасөспірімдердің ойларын, сезімдерін және әрекеттерін басқаруға көмектеседі деп, айтып өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселе  тек мектеп пен мамандардың  емес, әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін түсінуіміз керек. Бала –біздің болашағымыз. Біз оларды қолдап, бағыт-бағдар беріп, қауіп-қатерден қорғау үшін   бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Біз бірлескен күш-жігеріміз арқылы балаларымыздың жарқын әрі салауатты  болашағын қамтамасыз етеміз деп сенім білдіреміз.