oC

 

2025 жылдың 30 қаңтар күні «Мамандықтар әлемін ашамыз»  республикалық форумның қалалық  кезеніне  А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5, 9, 11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық  тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту болып табылды.

            «Мен мамандықты тандаймын» презентация номинациясы бойынша  «Мен болашақ шет тілі мұғалімімін» тақырыбында 11 сынып оқушысы Жұмаш Томирис жүлделі І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Жетекшісі: Мухамедьярова Лаззат Куанышбековна.

«Менің кәсібім-менің бизнесім» бизнес-жоспар номинациясы бойынша «Шағын бизнес-үлкен мүмкіндіктер» тақырыбында 9 сынып оқушысы  Дарханқызы Даяна жүлделі ІІ орынды  жеңіп алды. Жетекшісі: Жақсылық  Тоғжан  Алмасқызы.

«Жас мобилограф» номинациясы бойынша «Жеке кәсіпкер» тақырыбында

6 сынып оқушысы Жетпіс Санжар жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Талкенова Камила Аманжоловна.

            «Мамандықтар әлемін ашамыз»  қалалық байқау  білім алушыларға түрлі  кәсіптер туралы  ақпарат берілді, олардың кәсіби бағдарын анықтауға көместесу және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысты. Мамандықтар туралы өз білімдерін кеңейтті, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін  арттыра білді.