2025 жылдың 03-04 ақпан күні «Армандастар» шығармашылығының қалалық фестиваль байқауына А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 4, 8, 10,11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: балалардың көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту және оның өскелен ұрпақтың көркемдік біліміндегі, эстетикалық, адамгершілік тәрбиесіндегі рөлін күшейту.
«Театр» бөлімі бойынша «Алжир» драмалық спектакль қойылымы қала деңгейінде көрсетіліді. Спектакльге қатысқан оқушылар: Болат Тоғжан, Алтай Диас, Мейрамғалиұлы Бекнұр, Ердаулетқызы Томирис, Салыққызы Динара, Болат Акниет, Міркемел Айнара жүлделі ІІ орынды жеңіп алды және «Бейнені үздік актерлық іске асыру» номинациясы бойынша диплом берілді.
«Театр» үйірмесінің жетекшісі: Ибраева Сауле Дуйсенбековна .
«Хореография» бөлімі бойынша 11 сынып оқушылары Қайсар Гүлшира, Әментай Жұлдыз, Махметжанова Нұрдана заманауи би билеп белсене қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.
Аталған іс-шараның тәлім тәрбиесі мол. Театр өнерін насихаттау арқылы ұлттық және әлемдік мәдениетті дамыту. Көрермендерге адамгершілік, патриоттық және эстетикалық тәрбие беру болып табылды.