Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының КММ физика пәні мұғалімі, осы жылы қаланың білім жүйесіне енгізілген «Арқалық қаласы білім бөлімінің Фурманов жалпы білім беретін мектебі» нысаналы мектепте физика пәні мұғаліміне әдістемелік және зертханалық жұмыстар бойынша қолдау көрсету мақсатында өз қызметін кең ауқымда іске қосуда. Осы ынтымақтастық аясында мұғалім өз білім беру тәжірибесін, инновациялық әдістер мен заманауи технологияларды қолдану тиімділігімен де бөлісуде. Бұл бірлескен іс-әрекет қала білім беру жүйесінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету және оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған тәжірибе ретінде атап өтіледі.