«Жаңашылдық пен Жасампаздық» тақырыбындағы іс-шара
2025 жылдың 13 ақпан күні «Жаңашылдық пен Жасампаздық» тақырыбында А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы «Әкелер алқасының» төрағасы, ұлағатты ұстаз, қазіргі таңда құрметті зейнеткер Шаимов Ботабай Мустафинович және Арқалық қаласы «Торғай медиа -А» ЖШС басшысы Ахметжанов Амангелді Серікұлымен ұл балалар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты – жасампаздық пен жаңашылдықтың маңызы жетістікке жету, ал жетістікке жету үшін отбасындағы әке мен баланың ынтымақтастығын күшейту болып табылды.
Ботабай Мустафинович өмірлік сабақтар мен маңызды дағдылар туралы айтып, «Жаңашылдық» -өткеннен үйреніп, болашаққа жол ашу» деген ұғымды тереңрек ширатты. Ал, Амангелді Серікұлы қазіргі замандағы жеткіншектер туралы ой қозғады. «Жасампаздық»-өзіңді күн сайын дамыту, жалықпай іздену дегенге ұл балаларға өз ақыл-кеңесін айтты.
Аталған іс-шараның тәлім тәрбиелік мағынасы мол. «Әке-ұлдың тірегі, елдің тілеуі» демекші әкелердің бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігі мол екені айтылды
.