oC

«Қош келдіңіз- Қош көрдік»  кездесу

2025 жылдың 12 ақпан күні 5-7 сынып қыз балалары арасында тәлім тәрбиесі мол «Қош келдіңіз- Қош көрдік»  атты кездесу Арқалық қаласы  аналар  кенесінің төрайымы   Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы және  аналар  алқасының мүшесі  Кулмухамбетова Хамаруан  Сейтмухамедовнамен өткізілді.

Мақсаты: қыз балаларды тәрбиелеу, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады.

Кездесу барысында Бақытжамал Аяғанқызы қыз балалар үшін, қыз бала тәрбиесіне байланысты  мағыналы әнгімелесу жүргізді.

“Қыз бала тәрбиесі — қоғамның келешегі үшін маңызды мәселе.  Қызды тәрбиелеу-ұлттың болашағын тәрбиелеу деген сөз. Қыз балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, олардың өзін-өзі сыйлауы мен еркіндігін қалыптастыру, жақсы тәрбие алу жолдары бойынша  құнды ойлар айтылды. Қыз бала тәрбиесі – жан-жақты қамқорлықты, мәдениеттілікті және ізеттілікті қажет ететін маңызды процесс.

Хамаруан  Сейтмухамедовна қыз баланың тәрбиесінде ескерілуі тиіс негізгі бағыттар бойынша өз ойымен  бөлісіп , әдеп пен инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сыпайылық, ізеттілік және әдеб сақтау бағыттару туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар қыз балаға қатысты  тыйым сөздерді

пайдалана отырып сұрақ-жауап жүргізілді.

Аталған  кездесудің  тәрбиелік мағынасы зор.Қыз бала тәрбиесі – қоғамның болашағы. Қыздың тәрбиелі болуы – елдің тәрбиелі болуы. Сондықтан әрбір отбасы қыз тәрбиесіне аса мән беріп, олардың бойына қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ізгі қасиеттерін сіңіруі керек. Тәрбиелі қыз – бақытты отбасы мен жарқын болашақтың кепілі.