oC

Педагогтердің аттестаттауы: жаңа өзгерістер мен талаптар

2024-2025 оқу жылына

Білім беру жүйесіндегі сапаны арттыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл өзгерістер мұғалімдердің кәсіби деңгейін айқындап, олардың үздіксіз дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, аттестаттау талаптары күшейтіліп, мұғалімдердің кәсібилігіне жоғары жауапкершілік жүктелді.

Жаңа ережелерге сәйкес, аттестаттау үдерісі толықтай автоматтандырылып, "Ұстаз" платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл платформа педагогтің кәсіби жетістіктері мен біліктілігін айқындайтын құжаттарды жинақтап, қысқа мерзімде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. "Ұстаз" платформасының басты артықшылығы – аттестаттау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл жүйе педагогтердің уақытын үнемдеп, құжаттарды жинақтау барысында қағазбастылықты азайтады.

Аттестаттау мұғалімнің кәсіби дамуына серпін беріп, өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады. Жаңа талаптар оқыту сапасын жақсартуға бағытталғандықтан, бұл жүйе педагогтердің біліктілігін көтеруге оң әсер етеді.

Қазіргі таңда "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы жаңа ережелер бойынша мұғалімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жиынға биыл аттестаттаудан өтетін ұстаздар қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға мектеп әкімшілігі мен мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.

Жаңа аттестаттау жүйесі педагогтердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың еңбегін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер "Ұстаз" платформасы арқылы жаңа талаптармен танысып, өздерінің кәсіби жетістіктерін дәлелдеуге дайын екендіктерін білдірді.


dsad dsad