oC
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Құндылықтар тәрбие негізі» тақырыбында тәрбие онкүндігінің жоспары бойынша «Отбасылық таланттар» өнер байқауы 2025 жылдың 20 ақпан күні, сағат 10.00 де мектебіміздің мәжіліс залында 2, 3 сынып оқушыларының отбасыларымен «Отбасылық таланттар» байқауы өтті. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету, ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын дамыту, отбасылық қарым-қатынасты нығайту. Байқаудың шарты бойынша әр отбасынан баласы әкесімен немесе анасымен, болмаса отбасындағы барлық отбасы мүшесімен 3-4 минутта өнерлерін көрсету керек болатын. Байқауға барлығы 8 отбасы өз өнерлерімен өте жоғары деңгейде қатыса білді. Әр отбасы өзінің талантын көрсетті. Осы байқаудың басты жеңімпазы – бәрі екенін дәлелдеді. Себебі, ең бастысы – бұл байқаудағы бірлік пен ынтымақтастық. Отбасы мүшелері бір-біріне қолдау мен шығармашылықтың көрінісін ғана емес, сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірге өткізген уақытының да маңызды екенін көрсетті. Әр отбасы бірігіп ән айтып, би билеп, сахналық көріністе көрсете білді. Байқауды әділ бағалайтын әділқазылар мүшелерін мектебізден тыс мекемелерден шақырдық. Ол кісілер төмендегі тізімдегідей болды. 1. Абдикаримова Елугул Алшинбаевна Арқалық қалалық мәдениет сарайының музыка жетекшісі 2. Хабибуллина Дана Нурболаткызы Байқадамов атындағы музыка пәнінің мұғалімі 3. Жәмелова Инабат Күнтуарқызы Қосымша білім беру орталығының ұйымдастырушысы Байқаудың қорытындысы бойынша әр сыныптан қатысқан отбасыларға «Креативті отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Ең жас өнерлі отбасы», «Жаңашыл отбасы», «Жезтаңдай әншілер», «Ізденімпаз отбасы», «Көрермен көзайымы» деп аталатын түрлі номинациядағы мадақтама мен сыйлықтар табыс етілді. Ерекше өнер көрсеткен отбасыға «Ең үздік өнерлі отбасы» деген номинациямен кубок берілді. Ол кубокты 2 «Б» сыныбынан қатысқан Сәндібековтар отбасындағы әкесі екі қызымен үнді биін билеп жеңіп алды. udasd Байқауды өткізген: «Отбасы» клубының жетекшісі Бектенова Г.С. және «Өміртал» үйірмесінің жетекшісі Мырзағалиева Н.