2025 жылдың 13 ақпан күні Қостанай облысы Арқалық қаласының А.Құнанбаев мектеп-гимназия директоры Козбагарова К.С. облыстық «PRO VECTOR» мектеп директорларының форумында «Шедоуинг: кәсіби мамандарды дайындаудың тиімді әдісі» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.
Мақсаты: қатысушыларға шедоуинг әдісі ойынша жаңаша ақпарат пен далдыларды үйрету, қатысушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаңа әдісті меңгеруге көмектесу, жаңа идеялар мен инновациялық шешімдерді ұсынуға ынталандыру, өз саласына деген қызығушылығын арттыру және өз-өзін дамытуға ықпал ету болып табылды.
Шебер-сынып барысында қатысушылар «Попс», және «Форсайт» әдісі бойынша «Сұранысы жоғары мамандар» мен «Тәлімгерлік процессін бастамас бұрын, қандай дайындықты қажет деп ойлайсыз?» тақырыптары бойынша практикалық жұмыстар жасады, белсенді түрде тренингке қатысты. Соңында «FILA» әдісі арқылы қорытынды жүргізілді.
Аталған іс-шара қатысушылардың кәсіби деңгейін арттырып, жаңа технологиялар мен инновациялар арқылы жұмыс жасауға көмек берді.




