«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Құндылықтар тәрбие негізі» тақырыбында жүргізілген онкүндік
2025 жылдың 10-21 ақпан аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Құндылықтар тәрбие негізі» тақырыбында онкүндік жүргізілді.
Онкүндіктің негізгі мақсаты: Құндылықтар тәрбие негізі ретінде адамның өміріндегі негізгі бағыт-бағдарын, моральдық және этикалық ұстанымдарын анықтайтын маңызды элементтер болып табылатындығын , адамның ішкі дүниесін қалыптастырып, оның қоғамда өз орнын табуына, адамгершілік қасиеттерді, сыпайылықты, адалдықты, құрмет пен жауапкершілікті бағытталған.
Онкүндік бір неше бағытта жүргізілді. Атап айтсақ, «Құндылықтар тәрбие негізі» бөлімде онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылды, педагогтер тарапынан ойындар, тренингтер жүргізілді және ұлттық нақышта «Қазақтың қолөнер қазынасы» тақырыбында көрме жасалды.
«Ең үздік тәрбие сағат» бөлімінде сынып жетекшілер тарапынан 1-11 сынып арасында тәрбие сағаттар жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың тұлғалық дамыуна ықпал ету- адамгершілік, мәдениет, тәртіп, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру болып табылды.
«Көңілді үзіліс» бөлімінде сабақ арасындағы үзіліс кезінде педагогтер оқушылармен түрлі ойындар жүргізді. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Сіз ең, ең, » тақырыбында ұстаздарға позитивті көңіл күй сыйлай білді.
«Қыз баланың абыройы, ер баланың намысы» бөлімінде Арқалық қаласы аналар кенесінің төрайымы Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы, «Әкелер алқасының» төрағасы, ұлағатты ұстаз, қазіргі таңда құрметті зейнеткер Шаимов Ботабай Мустафинович және Арқалық қаласы «Торғай медиа -А» ЖШС басшысы Ахметжанов Амангелді Серікұлымен қыз балалар мен ұл балалар арасында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты қыз балаларды, ұл балаларды тәрбиелеу, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызды қасиеттерін дамыту болып табылды.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Тағдыр жолы» тақырыбында Ж. Нәжімеденовтың 90 жылдығына орай зияткерлік сайысы өткізілді. Мақсаты. Ж. Нәжімеденовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушыларды қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Ақын өлеңдері мен шығармаларын терең зерттеуге ынталандыру.
Мектеп инспекторы Ғазез А.Ж. 6-7 сынып оқушылары арасында білім алушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
«Қосымша білім-тұлғаны дамыту» бөлімі мектебіміздегі клуб, үйірме жұмыстарына бағытталған.
Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және тұлғалық дамуына ықпал ету болып табылды. Онкүндік аясында
«Ұлы дала Ұландары»- «Жас сарбас» клубының ұйымдастыруымен әскери сайыс, «Мектеп формасы қажетпе?» дебат сайысы , «Робо әлемі» сайысы, «Отбасылық таланттар» өнер байқауы өткізілді.
Жүргізілген барлық іс-шаралардың тәлім тәрбиесі мол адамгершілік, ұлттық дәстүр, отбасы құндылықтары, еңбексүйгіштік, сыйластық, отаншылдық тақырыптарында түрлі шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар арқылы әрбір оқушының санасында ізгілік пен жауапкершілік ұғымдары нығая түсті деп сенім білдіреміз. Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларымыз марапатқа ие болды. Қашанда жақсы тәрбие – жарқын болашақтың кепілі! Алдағы уақытта тәрбие үрдісі бойынша іс-шаралар өз жалғасын табады.

