oC

2025 жылдың 28 ақпан күні 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күніне арналған  саптық жиыны өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға  төтенше жағдайлар мен апаттар кезінде өзін-өзі қорғау әдістерін үйрету. Құтқарушылардың, өрт сөндірушіліердің, медициналық көмек қызметкерлерінің және басқа да мамандардың еңбегін насихаттау. Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылды.

Азаматтық қорғаныс күніне арналған  саптық жиыны ҚР Гимн орындаумен басталды.   Іс-шара барысында оқушыларға Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні туралы мағлұмат берілді.

«Жас сарбаз» клубының жетекшісі Шаяхметов  Б.Е. ұйымдастыруымен  практиалық түрде табиғи апат кезінде  адам денесін қорғайтын арнайы  ОЗК киімдерді  оқушыларға кигізіп таныстырды. Яғни,  табиғи апат кезінде дұрыс киім кию денсаулық пен қауіпсіздік өте манызды.  Арнайы киім дененің табиғи салқындауына көмектесіп, қызып кету күннің зиянды әсерінен қорғайды.

Төтенше жағдайлар  кезінде зардап шеккен адамдарға  міндетті түрде  медициналық мамандардың тарапынан  шұғыл түрде алғашқы көмегі көрсетіледі.Оның негізгі мақсаты –адам өмірін сақтау, жарақатты асқындырмау және жағдайын қалтына келтіру. Осы тұрғыда медбике Альмишева Б.Г. оқушыларға алғашқы көмек түрлерін көрсете білді.

Аталған іс-шараның тәлім тәрбиесі мол.  Апаттан аман қалу-білім мен дайындыққа байланысты. Қорғану үшін қауіпсіздік ережелерін біліп жүріп жүру өте манызды.

 fffdfdfdgfdfdfd fffdfdfdgfdfdfd

 fffdfdfdgfdfdfd