11.04.2025 жылы Қостанай қаласында математика пәнінен облыстық 5-6 сынып оқушыларының "Алтын сақа" олимпиадасы өтті. Қаламыздың намысын қорғауға қалалық кезеңде жүлделі 1 орынға ие болған 8 оқушы барды. Біздің мектеп-гимназиямыздан екі оқушы қатысты. 5 "Г" сыныбынан Қалел Нұрбек, 6 "В" сыныбынан Тұрғын Ислам. Осы олимпиада қорытындысы бойынша оқушымыз Тұрғын Ислам жүлделі ІІІ орынға ие болса, Нұрбек сертификатқа ие болды. Жетекшісі Ажибаева А.А. Жеңістеріңіз құтты болсын!