oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі ММ

Жалпы білім беретін мектеп директорларының ғылыми істері жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар «Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың тиімді жолдары, жұмыс түрлері» тақырыбында өтті.

Семинар аясында А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының дарынды оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жасап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:

Физика пәні мұғалімі – Жабағы Ерболат Ғабитұлы
Ашық сабақ тақырыбы: «Дарынды балаларға арналған практикалық тапсырмалар: зертханалық жұмыстар және функционалдық сауаттылық»

Математика пәні мұғалімі – Баяхметова Қаламқас Берікқызы
Ашық сабақ тақырыбы: «Күрделі есептерді шешу әдістері: олимпиадаға арналған кеңестер»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Түгел Айдана Мейрамқызы
Практикалық сабақ тақырыбы: «Оқушылардың оқу шеберлігін дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану»

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттарымен марапатталды.

Бұл семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және дарынды балалармен жұмысты жандандыруға үлкен серпін берді