11.04.2025ж. Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында 9 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау» кеші өткізілді.
Мамандық таңдау –өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қабілетіне , қызығушылығына, бейімділігіне , қалауына сүйену керек. Адам өзінің кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен.Осыған орай ,мектебімізде «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» атты 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кеші өз дәрежесінде өткізілді.
Мақсаты:
- оқушыларға мамандықтар туралы мағұлмат беріп, қазіргі таңда қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай мамандықтар жетіспейтінін айқындау;
-мамандықтар түрлерімен таныстыру;
-мамандықты жеке бас ерекшеліктерімен байланыстыра таңдауға көмектесу.
Бұл ретте кешімізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлерімен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз болды.
1.Арқалық қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы –Аубакиров Түбекбай Ғапсалықұлы.
2.Арқалық қаласы аналар кеңесінің төрайымы –Қалтаева Бақытжамал Аянқызы.
3.А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының аналар алқасының төрайымы- Жанақбаева Сәуле Қабылдақызы.
Кештегі ақыл-кеңес оқушыларға үлкен ой салып,болшақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болады ғой деген сенімдеміз.