oC

16.04.2025 ж. күні 9–11 сынып оқушыларына арналған алғашқы медициналық жәрдем көрсету туралы түсінік беру мақсатында қалалық жедел жәрдем орталығының мамандарымен кездесу өтті.

Аталған күні мектебімізде жоғары сынып оқушыларына бағытталған танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты:
– Оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларды үйрету;
– Жеке басын қорғауға және айналасындағыларға саналы, жауапты көзқарас қалыптастыру;
– Жеке қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы хабардарлықты арттыру;
– Жауапты мінез-құлықты дамыту;
– Психологиялық дайындықты қалыптастыру;
– Ақпараттық қауіпсіздік негіздерін түсіндіру.

Алғашқы медициналық көмек – бұл дәрігерлер келгенге дейін, оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілетін шаралар кешені. Кездесу барысында оқушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, арнайы манекендер арқылы мысалдар келтірілді. Бұл шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, алғашқы жәрдем көрсету бойынша білімдерін толықтыра алды.

Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар алғашқы медициналық жәрдемді қалай көрсету керектігін манекендер арқылы тәжірибе жүзінде көрсетті.

  whatsapp-image-2025-04-18-at-16_13_08