18.04.күні Қостанай қаласында Baitursynuly University ұйымдастыруымен 11 сыныптың барлық оқушылары қатысқан іс шара өтті. Байқауға Қостанай облысының төңірегіндегі барлық 11сынып оқушылары қамтылды. Қатысу үшін «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында бейнеролик(кез келген форматта) немесе эссе (көлемі-А-4 форматында үш бетке дейін,қаріп 14) жазу қажет болатын.
Мақсаты: Оқушыны өз икеміне, қызығушылығына байланысты таңдаған мамандық иесі болуына баулу. Байқау натижесі бойынша, 13 оқушы іріктеліп, 10 көтерме сыйлықтармен марапатталды, 3 жүлделі орын иелеріне ақшалай және грамоталарымен Baitursynuly University ректорының өз қолымен сахна төрінде салтанатты түрде табысталды. Арқалық қаласы, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясынан 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Гүлханым Дарханқызы эссе жазып, осы байқауға шақырылып 2 орын иесі атанып басқарма төрағасы -ректор қолынан сыйлықтар мен қоса мақтау грамотасымен марапатталды.