Арқалық қаласының білім беру бөлімінің «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар орталығы ұйымдастырған армрестлингтен (қол күресі) қалалық жарыста 80 кг салмақ дәрежесінде, 2007 ж. және одан кіші жастағылар арасында Сарсенбай Данияр II орын иеленді. 60 кг салмақ дәрежесінде, 2007 ж. және одан кіші жастағылар арасында Талғатов Мейірбек I орын иеленді. Жарыс Арқалық қаласы мектептері оқушылары арасында өтті.
Алдағы уақытта да тек сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!