22.05.2025 ж қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Байқауға қала және ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың 10 "А" сынып оқушысы Батырхан Б орыс тілі пәнінен ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Ибрагимова Н.С. Информатика пәні бойынша 10 "В" сынып оқушысы Қуаныш М ІІІ орын алды. Жетекшісі Дүйсенов Қ.А. физика пәні бойынша 9 "А" сынып оқушысы Рамазан Ә І орынға ие болды. Жетекшісі Жабағы Е.Ғ. Жеңістеріңіз құтты болсын!