2024 жылдың 23 күні мектебімізге 2005 жылғы түлектер келіп, білім алған алтын ұяларымен, ұстаздарымен сағынышты кездесу өткізді.
Уақыт өте ұшып өтсе де, мектеп қабырғасында алған тәрбие мен білім, ұстаздар берген бағыт-бағдар түлектер жүрегінде мәңгі сақталғаны байқалды. Олар өздерін білім жолына бастаған ардақты ұстаздарымен жүздесіп, алғыс сөздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.
Кездесу барысында түлектер мектепке алғыстарының белгісі ретінде спорттық құрал-жабдықтар (доптар, секіргіштер, т.б.) сыйға тартты. Бұл — қазіргі оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған үлгілі қадам.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы түлектердің бұл игі ісіне ризашылық білдіріп, алдағы өмір жолына сәттілік тіледі.