Ағымдағы жылдың 26 мамырында мектеп-гимназиямызда оқу жылының соңғы әдістемелік отырысы өтті. Мақсаты: "Жас маман" мектебі жұмысының жылдық есебін тыңдау, мұғалімдерге авторлық жұмыстың талаптарымен таныстыру, мұғалімдердің жылдық рейтинг қорытындысын шығарып, марапаттау.
Қаралған мәселелер:
1.а «Жас маман» мектебі есебі. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері. (жылдық есеп) Жауапты: Копанова Н.Л
1.б. Қабимолда Айшолпан Жомартқызының үш жылдық жұмыс есебі.
- Авторлық бағдарлама жазу талаптары және ҚББ сараптамалық кеңесіне ұсыну. Жауапты: Копанова Н.Л
- Әдістемелік пән бірлестік жұмыстарының жылдық жұмысын қорытындылау. «Жыл мұғалімі» - бастауыш сынып, «Жыл мұғалімі» - жоғары сынып жауапты: ПБЖ
- 2025-2026 оқу жылына арналған педагог кадрлардың біліктілік арттыру курсы, тамыз кеңесіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
Аталған мәселелер бойынша алғашқы болып сөзді жас маман Қабимолда А алып, өзінің үш жылда атқарған жұмыстарымен, алдына қойған мақсатымен, сол мақсатта атқарған жұмыстарының нәтижелерімен және оқушыларының жетістіктерімен таныстырып өтсе, екінші мәселе бойынша "Жас маман" мектебінің жетекшісі директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Н.Л. жалпы жас мамандардың 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары, өткізген ашық сабақтары, жас мамандардың жетістіктерімен таныстырып, алдағы уақытта қандай негізгі жұмыстарға назар аудару керектігін және қолға алу керек жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне Нурсулу Лесбековна алдағы жылы авторлық жұмыс жасаудың талаптарымен таныстырып, авторлық жұмысты қолға алу керектігі ескертілді. Үшінші мәселе бойынша мектеп-гимназиямыздың пән бірлестік жетекшілері мұғалімдердің 4 тоқсан және жылдық рейтинг қорытындыларымен таныстырып, жыл мұғалімдері анықталды. Отырыс соңында кәсіподақ ұйымының демеушілігімен рейтинг қорытындысы бойынша анықталған жыл мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімі Бектенова Г.С. және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекенова С.К. мараптталып,сыйлық табысталды. Сонымен қатар оқушылары облыс, республика деңгейінде жетістікке жеткен және рейтинг бойынша 130 балдан жоғары алған ұстаздар марапатталды. Ұстаздарымызға марапаттарыңыз құтты болсын дейміз. Алдағы оқу жылына шығармашылық табыс тілейміз!