Ағымдағы жылдың 3 маусымында қалалық білім бөлімінде қала және ауыл мектептерінің ұстаздарының арасында "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға барлығы 12 жұмыс қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың физика пәні мұғалімі Жабағы Ерболат Ғабитұлының жұмысы үздік деп танылып, жүлделі І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Женісіңіз құтты болсын!