oC

Бүгін мектебімізде ерекше толқынысқа толы, қуанышты сәттердің бірі – 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі өтті. Жас түлектеріміз мектеп қабырғасынан үлкен өмірге аттанып, жаңа белестерге қадам басқалы отыр.

Еңбектің еленген сәті:
Биылғы оқу жылын жоғары жетістікпен аяқтаған екі оқушымыз –
Байғара Ақзере менТойлыбай Гаухар
«Алтын белгі» төсбелгісін иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар, жақсы нәтиже көрсеткен үздік оқушыларға мектеп ұжымы тарапынан қаржылай сыйақы табысталды.

Құрметті түлектер, сіздерге жарқын болашақ, биік жетістіктер мен үлкен армандардың орындалуын тілейміз!