1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке- мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып және 11 сынып білім алушылары мен өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегімен, ағартушылық миссиясын адал атқарып жүрген ұлағатты ұстаздар үшін арналған мереке!
Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Олар – болашақтың жарқын жұлдыздары, еліміздің ертеңі!
2025-2026 оқу жылында білім алушыларға адалдық, еңбекқорлық, патриотизм қасиеттерін сіңіру, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайту болып табылады.
Биылғы оқу-тәрбие үрдісі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Негізгі қағида « Адал азамат- Адал еңбек-Адал табыс» 1-11 сынып білім алушылары үшін «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.











