oC

Шаңырақ шаттығын, ұрпақ саулығын дәріптейтін ерекше мереке Отбасы  күні  аясында 2-3 сынып ата-аналары мен оқушылар арасында  отбасылық "Толағай" спорттық жарысы өткізілді. Бұл күн – тек жарыс емес, бұл – мейірім мен бірліктің, ептілік пен ұйымшылдықтың нағыз мерекесі!

 Іс-шараның мақсаты: Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімін арттыру.Салауатты өмір салтын насихаттау.Балалар мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты күшейту болып табылды.

Жарыс барысында ата-аналар мен оқушылар өз  күш жігерлерін, бірліктерін көрсете білді. Балаларға ата-аналары үлгі ете отырып, спортқа белсенді өмірге деген қызығушылығы жоғары, қоғамға үлгілі, белсенді отбасылар болып көпшілікке танылды. Бүгінгі додада әр  отбасының жеңіске деген   жігері мықты болды. Жарыс қорытындысы бойынша  отбасыларға мадақтама мен сыйлықтар берілді.

 2Г сынып Асылхановтор отбасы І орын

3В сынып  Бейбітовтар   отбасы ІІ орын

3Б сынып Сәндібек отбасы ІІІ орын