2025 жылдың 18 қыркүйек күні 5-7 сынып білім алушылары мен ата-аналардың ұйымдастыруымен “Шын жүректен” тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
“Шын жүректен” қайырымдылық жәрмеңкесінің негізгі мақсаты — күз кезеңінің молшылығын, берекесін насихаттау, оқушыларды еңбекқорлыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, жәрмеңке оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғатты сүюге және қоршаған ортаны қорғауға баулу сияқты мақсаттарды да көздейді. Балалар мен жастар нақты әрекет арқылы қайырымдылықтың мәнін түсінеді. Бұл – болашақта әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаларды қалыптастыруға ықпал етеді.Ол мектеп ішінде мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық қолөнер және түрлі тағам түрлерімен таныстыруға бағытталған.
Жәрменкеге мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар қауымы қатыса отырып, ортақ мүдде жолында бірікті.
Жәрменкеден жиналған қаражат жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында жұмсалады. Қаражат азық-түлік, мектеп құралдары, киім-кешек сатып алу немесе қажетті әлеуметтік көмектер түрінде беріледі. Бұл – жәрменкенің басты мақсаты: қоғамдағы әлсіз топтарға нақты көмек көрсету және мейірімділік пен бірлікті насихаттау, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бір түрі болып табылады









