2025 жылдың 23 кыркүйек күні «Еңбек күніне» орай мектеп-гимназиямыздың кіші қызметкерлеріне арналған мерекелік салтанатты жиыны өткізілді.
«Еңбек күні» мерекесі 2013 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен енгізілген мереке. Қоғамда еңбек адамдарының беделін көтеру, жастарды еңбекке баулу, адал еңбекке құрмет көрсету болып табылды.
Адам баласының өмірі – еңбекпен тығыз байланысты. Адамзат тіршілігінің әрбір саласы – еңбекпен өріледі. Сол еңбектің ішінде аса маңыздысы кіші қызметкерлердің жұмыстары.
Мектеп-гимназиямызда өз жауапкершіліктерімен, еңбекқорлық пен төзімділіктерімен еңбек жасап жатқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді.. Тазалық – тәртіптің, жайлылықтың, тіпті денсаулықтың кепілі. Мектебіміздің тап-таза, жарық болып тұруы – кіші қызметкерлердің адал еңбектерінің жемісі деп білеміз. Әрқайсымыз соны жоғары бағалаймыз. Осы айтулы күні мектеп басшысы К.С.Козбагарова және локалды бастауыш кәсіп одақ торайымы А.М. Турсынбекова құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Адал еңбек – адамның өміріндегі ең қымбат қазына. Кез келген табыс, жетістік пен абырой осы адал еңбек арқылы келеді. Тек өз күшіңмен, шыдамдылықпен және тазалықпен істелген іс жүрекке жақын әрі қоғамға пайдалы болады. Еңбек етуден ешқашан қашпаған адам өз жолын табады, қиындықтарды жеңіп, үлкен жетістіктерге жетеді деп іс-шарамыз өз мәресіне жетті.










