oC

       Дублер күні — бұл мектептерде мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылатын іс-шара, онда оқушылар нағыз мұғалімдер сияқты сабақ өткізеді және білім беру процесіне қатысады. Осы күні оқушылар мұғалімдердің рөлін атқарып, сабақ жүргізудің маңыздылығын сезінеді, сондай-ақ мектеп әкімшілігін және өзін-өзі басқару жұмысын жандандыра алады. Дублер күні оқушыларға көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ұстаз еңбегінің қадірін түсінуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатта А. Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиясында “Болашақ” мектеп парламенті өзін- өзі басқару ұйымы тәлімгері Талкенова Камила Аманжоловна және 11- сынып түлектері мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Дублер күні өз деңгейінде өткізілді. Барлық пед ұжым және 2-10 сыныптан барлығы 887 білім алушылар қамтылды.