2025 жылдың 09 қазан күні 2-4 сынып білім алушы арасында «Ханзада мен ханшайым» күзгі бал байқауы өткізілді.
Іс-шараға қатысқан білім алушылар саны-28.
Мақсаты: Оқушылардың арасынан күз ханшайымы және күз ханзадасын анықтау, оқушылардың көркем-эстетикалық талғамын дамыту, тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.
Байқаудың шарты бойынша қатысушыларымыз 3 кезеңге қатысты.
- «Өнерлі өрге жүзер» яғни өз өнерін көрсету (ән, би, пародия )
- « Күзгі фэнтази-2025» (міндетті бегендірілген күзгі қолшатыр аксессуары болу керек)
- «Тапқыр болсан тауып көр» тапсырма топтамасы
«Алтын күз-2025 байқауына 2-4 сынып оқушылары белсене қатысып,берілген кезеңдерде шебер өнерлерін көрсете білді.
Бұл сайыста сынып жетекшісі мен ата-аналар үндесігі көрінді, сынып жетекшісі мен ата -аналарға алғыс айтылды.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар номинация бойынша марапатталды сонымен қатар әр оқушыға сыйлықтар берілді.











