oC

 20.10.2025 жылы қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Байқауға еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын жас педагогтер, педагог-психологтар мен тәлімгерлер қатысты. Олимпиаданың мақсаты-жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Байқауға біздің мектеп-гимназиямыздан қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, жас маман Забихолла Н.К. қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын!