Абай Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиясында 8-10 сынып білім алушылары арасында “Болашақ” мектеп парламентінің ұйымластыруымен “Күз ханзадасы мен ханшайымы- 2025” байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - жас ұрпаққа эстетикалық және мәдени тәрбие беру; олардың шығармашылық және эстетикалық, табиғатты аялау сынды қасиеттерін дамыту және ынталандыру; талантты, дарынды балларды анықтау; өзіне деген сенімділікті арттыру, мақсатқа жетуге тәрбиелеу; сахнада өзін еркін ұстауға, мәдениеттілікке, сыпайылыққа, парасаттылыққа баулу; балалардың шығармашылық, әртістік қабілетін дамыту. Бұл байқау тек сұлулық пен сәннің ғана емес, ақыл мен өнердің, талпыныс пен сенімнің жарысы болып табылады. Сонымен қатар, байқау қатысушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге, табиғат сұлулығын сезіне білуге және оны аялай білуге тәрбиелейді. Жасөспірімдерді рухани-танымдық, эстетикалық және әлеуметік дамуға жетелеу, олардың қабілеттерін ашу және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік жасау болып табылатын байқаудың Ханзадасы мен ханшайымы 10 А сынып жұбы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!!! Барлық қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.







