oC

 31.10.2025 Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №4 мектеп базасында математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 61 мұғалім қатысты.Біздің мектеп-гимназиямыздан 5 мұғалім қатысып, 4 ұстазымыз жүлделі орындарға ие болды. Сейдахова Г.Ш. ІІ орын, Шайкамалова Г.Б. , Қапсұлтан Т.Т., Бажыканова С.А. ІІІ орын иегерлері. ІІ орын иегері Сейдахова Г.Ш. облысқа жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!